Читаем Февраль / Ақпан полностью

Иә, Асқар Айсұлуға сезімін бірінші болып білдірген. Бірақ қыздың өзі Дәулетті таңдады. Дәулет басында тіпті досына бөгет болғысы келмей, қызға мән бермей жүрді. Сабақта оған мүлдем қарамауға тырысты. Қол жетпес арман деп жүргенде, Айсұлу өзі сәлемхат жолдады. Хатында сезімін білдіріпті. Дәулет өз көзіне өзі сенбей, ол хатты жүз қайтара оқып шықты. Түні бойы мазасызданып, таң атқанда ғана көзі ілінген. Таңертең бұл қалжыңы шығар деп күмәнданды. Осылай хатқа да мән бермей жүрді. Бірде Айсұлудың күлімсіреп қарағанын көріп, сасып қалды. Ішкі дүниесі алай-түлей болып кетті. Ритка оған жауап хат жазу керектігін тұспалдап жеткізгенде ғана Айсұлуды киноға шақыруға бекінді. Асқарға қалай айтарын білмей, бірталай әлек те болды. Енді ол біледі. Жақсы болды.

<p>IX</p>

Дәулет пәтеріне кіріп, аралап шықты, сосын спорт сөмкесіне бір ауыстыратын ішкиім, жемпірі мен шалбарын салды. Жылы бәтеңкесін, сырткиімін, қолғабы мен баскиімін дайындап қойды. Сөмкеге бірнеше кітап, блокнот, қалам салды.

Қоқысты шығарып, пәтерді жинауға кірісті. Ұзақтан келе жатқан әдеті сол, кейде бірнеше ай бойы пәтерді жинауға ерініп, іссапарға немесе демалысқа кетерінде ғана тап-таза қылып жайнатып қояды.

Дәулет үстелдің үстіндегі газет-журналдарды еденге сырып, барлық қоқысты бір жерге үйді. Балконның есігін ашып, бөлмеге таза ауа кіргізді.

Бірнеше сағаттан кейін пәтердің іші босап қалды. Дәулет ескі кресло, орындықтарды, қисайған шкафты далаға шығарып тастады. Терезені жуып, ескі пердені жұлып, қоқысқа жөнелтті. Ол кітаптар жатқан сөренің қасына келгенде біреу есікке қоңырау шалды. Пошта тасушы тапсырыс хат әкеліпті. Дәулет қолын қойып беріп, хатты ашты. Хат атасының досы және әріптесі Олжас ағадан келіпті. Олжас ағасы әдетте Дәулетпен мобильді я үй телефоны арқылы хабарласатын. Бірақ кейінгі кезде қызмет ақысы төленбеген үй телефоны сөндірілген. Смартфонын жұмыстан шыққанда өзі лақтырған, ызамен. Осыдан кейін тапсырыс хаттың жалғыз байланыс құралы болып қалғанын Дәулет хатты көргенде-ақ бірден түсінді.

Ағасы сәлемдемесінде оны Астанадағы немересінің тойына шақырыпты. Дәулеттің ұзақ хабарласпағанына ренішін де жасырмапты. Дәулет телефон тұтқасын көтеріп, Олжас ағасының нөмірін тере бастады да, қалааралық байланыстың жоқтығы есіне түсіп, қайта орнына қойды. «Ештеңе етпес, Қарағандыдан хабарласармын, тіпті кіріп те шығармын», – деген шешімге келді.

* * *

Жәкен тоқсан үшінші жылғы ақша реформасына үш ай қалғанда Алматыдан екі бөлмелі пәтер сатып алды. Оған себепші болған – Жазира апа.

Олжас енді ғана отбасымен Алматыға көшіп келіп, үш бөлмелі жаңа пәтер сатып алғаннан кейін Жәкендерді қоныс тойына шақырған. Іші кең, төбесі биік, лоджиясы үлкен пәтердің ұнағаны соншалық, Жазира апа тілегін айтып салды:

– Жасымыз келіп қалды, ертең не болатыны белгісіз, Дәулетжанға Алматыдан осындай бір пәтер алып берсек қой, шіркін! Өзі – ақылды жігіт, оқуға талабы бар.

– Дұрыс айтасыз! Көрші пәтер бос тұр, оны біреу сатып аламын деп, соңғы сәтте айнып қалыпты, – деп қолдай кетті Олжас оны. – Біздің қасымызда тұрса, көз қырын салып жүрер едік.

– Дұрыс айтасың, Жазираш, – деді Жәкен, – жинақ кітапшамда ақшам бар, Дәулет үшін жинағанмын.

Ұзаққа созбай, Жәкен ақшасын алып, көрші пәтерді сатып алды да, немересіне өсиет жазып қалдырды.

Бұл оқиғадан соң Олжас аға Жазира апаны «қаржылық сарапшы» деп атап кетті. Ол:

– Апамыз қаржы реформасын болжап, Жәкеңе жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға кеңес берген, – деп қалжыңдайтын.

Атасы қайтыс болғаннан кейін Олжас аға мен Рәбиға тәте Дәулетті өз қамқорлығына алды. Мұны Дәулет олар Астанаға көшіп кеткенде ғана түсінді. Бір күнде абыр-сабырға толы дүние бір пәтер көлемімен шектеліп, күңгірттеніп қалды. Шын мәнінде, Рәбиға тәте кірін жуып, тамағын жасап жүріп, шаттықтың да кілтін қолында ұстаған екен.

Олар кетісімен ештеңеге зауқы соқпады. Таңертең тұрғысы келмейді, тұрса, жұмысқа барғысы келмейді, барса, кешке үйге де қайтқысы жоқ. Пәтері тозып, өзінің де ажары тайды. Жұмысы, ақшасы, атам заманғы ұстанымдары кімге керек еді? Өзі кімге керек? Ойларын расқа шығарғандай, аяқтан шалу жиіледі. Үйленгісі келген Жанардың шетелдік бастығының ашынасы екені белгілі болды. Орынбасары Нұрланның мұның шалыс қадамын аңдығаны да аңғарылып қалды. Бүгін ғана осылай болды ма, әлде бұрыннан болып, байқағаны бүгін бе, әлде байқаса да, байқағысы келмеді ме?

Дәулет сөрелерден студент кезінен жинап келген барлық кітап, анықтамалық, оқулық, дәптер, журналдарын сырып, еденге түсіріп тастады. Артынан жинап, пакеттерге салды. Арасынан бірнеше шахмат оқулығын тауып алып, сөредегі орнына қайта қойды. Қалған пакеттерді далаға шығарып, ойланбастан қоқыс контейнеріне ытқытты.

Перейти на страницу:

Все книги серии Zerde Publishing

Частная жизнь
Частная жизнь

В захватывающей дилогии Назым Жангазиновой переплетаются судьбы разных женщин, живущих в меняющемся Казахстане. От балерин и бизнес-леди до рыночных торговок и домохозяек, их жизни раскрываются через призму любви, потерь, амбиций и социальных перемен.На фоне ярких описаний старинных улочек Алматы разворачиваются истории, полные интриг, надежд и разочарований. Героини сталкиваются с моральными дилеммами, борются за своё место в этой жизни и пытаются найти ответы на вечные вопросы о счастье и самореализации. «Частная жизнь» – это пронзительный взгляд на современное общество, где личные драмы отражают изменения в нем, это история о нас самих, о нашей борьбе за счастье и о том, как мы строим свою судьбу в мире перемен.В их дом Анипа влюбилась сразу. В парадном зале тянулся стол под богатой скатертью и со стульями с высокими спинками. Потолки украшали невероятной красоты итальянские люстры с разноцветными висюльками. Шторы из голубого бархата. В посудных витринах стояли диковинные сервизы и статуэтки. В огромных, с человеческий рост, китайских вазах – букеты из искусно сделанных стеклянных цветов. И пахло во всех комнатах нерушимым богатством…Для когоКнига предлагает реалистичные и сложные женские образы, с которыми легко себя идентифицировать и будет интересна всем, кто интересуется современной литературой, культурой и историй Казахстана, любителям семейных саг и историй о взаимоотношениях.Айлин сладко потянулась: все, о чем она мечтала, сбылось. Белый заботливый муж, уютно устроенный дом, любимая работа в балетной школе для девочек. И один собственный ребенок, сын.

Назым Жангазинова

Современная русская и зарубежная проза
Нет соединения с сервером, попробуйте зайти чуть позже